🌿☀️ Жазғы лагерьдің тағы бір керемет күні! ☀️🌿
Бүгін мектеп жанындағы жазғы лагерь тәрбиеленушілері қаламыздағы әсем Триатлон саябағы аумағында табиғат аясында демалып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді. Балалар таза ауада серуендеп, қызықты ойындар ойнап, достарымен бірге шаттыққа толы сәттерді бөлісті.
Табиғаттың көркем көрінісі мен жаздың шуақты күні балаларға ерекше әсер сыйлады. Пикник барысында олар бір-бірімен еркін араласып, ұйымшылдық пен достықтың маңызын тағы бір мәрте сезінді. Сонымен қатар, бүгінгі күннің жарқын естелігі ретінде балалар заманауи тренд-видеолар түсіріп, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Осындай қызықты әрі пайдалы іс-шаралар балалардың жазғы демалысын мәнді өткізуіне, жақсы көңіл күй сыйлап, ұмытылмас естеліктер жинауына мүмкіндік береді.
✨ Табиғат аясындағы демалыс, көтеріңкі көңіл күй, шынайы достық пен жарқын эмоциялар – бүгінгі күннің басты сыйы болды!
#жазғылагерь2026☀️🌈#триатлонсаябағы #балаларәлемі#бақыттыбалалықшақ#пикник
KZ

