Мектебіміздің басты құндылығы – білікті де тәжірибелі ұстаздар қауымы. Қазіргі таңда білім ордамызда 56 мұғалім қызмет атқарады. Олардың 54-і жоғары білімді, ал 2 педагог арнаулы орта білім негізінде еңбек етуде. Сонымен қатар, ұжым құрамында 9 магистр бар.
Педагогтердің кәсіби деңгейі олардың біліктілік санаттарымен айқындалады: 1 мұғалім – педагог-шебер, 22 мұғалім – педагог-зерттеуші, 13 мұғалім – педагог-сарапшы, 10 мұғалім – педагог-модератор. Ал 10 педагог әзірге санатсыз.
Ұстаздарымыз – білім мен тәрбие берудің нағыз жанашырлары. Олар өз білімдерін үнемі жетілдіріп, заман талабына сай оқыту әдістерін енгізу арқылы оқушылардың сапалы білім алуына зор үлес қосып келеді.
Педагогикалық ұжым

Класс жетекшілер

Мектебіміздің ер ұстаздары

KZ
