
Мектеп тамақтану
2025-2026 оқу жылы
Қаңтар айының сегізінен бастап Ілияс Есенберлин атындағы №15 ОМ асханасында “қыс-көктем” маусымына арналған жаңа меню бойынша тамақтандырылу басталды.
Тағамдар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес мөлшермен беріледі.
Ас мәзірі ✍️ Мектебімізде 15 қазан күні бракераж комиссиясы мектеп асханасына бақылау жұмысын жүргізді.
🔹Бақылаудың мақсаты – оқушыларға берілетін ыстық тамақтың ас мәзіріне сәйкестігін, асхана қызметкерлерінің жұмысын, санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын тексеру.
🔹Сонымен қатар, тамақтың мәзір мен талаптарға сай дайындалуы, оқушылардың сапалы тамақтануын қамтамасыз ету, асханаға жеткізілетін тағам өнімдерінің сапасы мен сақтау жағдайлары, дайын тағамдар мен өнімдердің сақтау мерзімдері қаралды.
Бақылау қорытындысы бойынша асхана жұмысы «қанағаттанарлық» деп бағаланды.

✍️ 06 қараша күні бракераж комиссиясы тексеру жұмысын жүргізді.
Комиссия жұмысының мақсаты-мектеп асханасының жұмысында тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. Тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның міндеттері мыналарды бақылау болып табылады:
- ас блогында, асханада жұмысты ұйымдастыру;
-тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттары;
-өнімдерді сату мерзімдері; - тағам дайындау сапасы;
-тағамның балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі;
-ас блогы қызметкерлерінің жеке тазалық ережелерін сақтауы.
🔹Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.Күнделікті мәзірдің құрамы бекітілген ыстық тамақ мәзіріне сәйкес келеді. Дайындалған өнім санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Комиссия асхана қызметкерлерінің азық-түлік және энергетикалық құндылықтың санитарлық ережелерінің талаптарын сақтағанын анықтады.

🍽 30 қаңтар күні мектебімізде бракераж комиссиясының кезекті тексерісі өтті.
Бүгін асханаға бракераж комиссиясы мен ата-аналар комитетінің төрайымы қатысуымен жоспарлы тексеріс жүргізілді.
🔎 Тексеру барысында:
✔️ тағамның сапасы мен уақытылы берілуі;
✔️ асхана қызметкерлерінің гигиеналық талаптарды сақтауы;
✔️ қоймадағы өнімдердің жарамдылық мерзімі;
✔️ ас блогының санитарлық тазалығы;
✔️ балаларға ұсынылатын тағамдардың мөлшері қаралды.
📌 Нәтижесінде:
Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы қанағаттанарлық деп танылды. Тағамдар сапалы әрі уақытылы дайындалуда.
✅ Бракераж комиссиясы жұмысын жоспарға сай жалғастырады.

⚜️25 ақпан күні бракераж комиссиясының кезекті тексерісі өткізілді.
Бракераж комиссиясының құрамында қамқоршылық кеңестің мүшелері ,ата-аналар комитеттері комиссия мүшелері болып, мектеп
асханасына жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Тексеру барысында:
✅асхана қызметкерлерінің жұмыс барысы мен гигиеналық талаптарды сақтау деңгейі;
✅балаларға ұсынылатын тамақтың уақытылы берілуі және сапасы;
✅қоймада сақталған тағамдардың жарамдылық,
мерзімі мен сақтау шарттары;
✅ас блогының жалпы тазалығы мен санитарлық
жағдайы;
✅балаларға ұсынылатын тағамдардың сапасы мен
мөлшері мұқият тексерілді
Тексеру нәтижесінде:
Асхананың санитарлық-гигиеналық жағдайы
қанататтанарлық деп танылды.
Тағамдар уақтылы әрі сапалы дайындалған.
Бракераж комиссиясы өз жұмысын жоспарға сәйкес жалғастырады.

⚜️16 наурыз күні бракераж комиссиясы тексеру жұмысын жүргізді.
Комиссия жұмысының мақсаты-мектеп асханасының жұмысында тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. Тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның міндеттері мыналарды бақылау болып табылады:
- ас блогында, асханада жұмысты ұйымдастыру;
- тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттары;
- өнімдерді сату мерзімдері;
- тағам дайындау сапасы;
- тағамның балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі;
- ас блогы қызметкерлерінің жеке тазалық ережелерін сақтауы.
Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.Күнделікті мәзірдің құрамы бекітілген ыстық тамақ мәзіріне сәйкес келеді. Дайындалған өнім санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Комиссия асхана қызметкерлерінің азық-түлік және энергетикалық құндылықтың санитарлық ережелерінің талаптарын сақтағанын анықтады.

KZ
