Мектептегі психологиялық қызмет кез келген мәселе бойынша көмек беруге дайын. Оқушылар мен ата-аналар сенім жәшігі, электрондық пошта немесе сенім телефоны арқылы хабарласа алады. Құпиялылық толық сақталады.
Баланың мінез-құлқы ата-ананың қарым-қатынасына тікелей байланысты. Артық сын, салыстыру, бақылау немесе керісінше, назардың аздығы түрлі қиындықтарға әкеледі. Сондықтан балаға дұрыс тәрбие беріп, оған мейірім мен қолдау көрсету маңызды.дан бүгін жылуыңызды аямаңыз!


Мектеп оқушыларына республикалық «111» байланыс орталығының қызметі және QR-код арқылы көмек алу жолдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, QR-кодтар мектептің барлық аумағына орналастырылды.

⚜️3–11 сынып оқушылары арасында «Өркен» ұйымы әзірлеген зорлық-зомбылықты анықтауға арналған экспресс сауалнама жүргізілді.
🔍 Мақсаты: баланың өмірінде зорлық-зомбылықтың қай салаларда кездесетінін анықтау.
Аталған сауалнама нәтижелері негізінде балалардың әл-ауқатын нығайтуға бағытталған сынып, мектеп және отбасы деңгейіндегі жұмыстың жалпы бағыттары айқындалады.

⚜️Мектебімізде “Lesson Study” аясында 4 «Ә» сынып білім алушыларына мектеп психологтары тарапынан танымдық процестерді зерттеу мақсатында тест жұмыстары жүргізілді.
🔹Зерттеу барысында оқушылардың ойлау, зейін және есте сақтау қабілеттері қарастырылып, олардың оқу үдерісіндегі жеке ерекшеліктері анықталды.
🔹Аталған жұмыс – әр оқушының мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
- Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы. 2023-2024 оқу жылы
- Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидалары. 2023-2024 оқу жылы
- Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы. 2023-2024 оқу жылы
- Сенім жәшігі жұмысының атқарылуы туралы бұйрық. 2023-2024 оқу жылы
- Сенім телефоны жұмысының атқарылуы туралы бұйрық. 2023-2024 оқу жылы
- 2023-2024 оқу жылына арналған психологиялық қызметтің жылдық жұмыс жоспары
- 2022-2023 оқу жылына арналған психологиялық қызметтің жылдық жұмыс жоспары
- Сенім жәшігі жұмысының атқарылуы туралы бұйрық. 2022-2023 оқу жылы
- Сенім телефоны жұмысының атқарылуы туралы бұйрық 2022-2023 оқу жылы
KZ
