Мектептің жалпы деректері:
Мектеп 1939 жылы 19 қарашада Ақтөбе қаласындағы №15 орыс орта мектебі болып ашылған. 2000 жылы «№15 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі қайта тіркеуден өтіп, қазақ орта мектебі болып қайта ашылған. 2025 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, Ақтөбе облысының Білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан №KZ76LAM00007949 лицензиясы берілген.
Ғимараттың салынған жылы – 1939 ж.
Ғимарат жобасы (типтік сыйымдылығы) – 618
Қабаттар саны – 2
Жалпы алаңы – 3316,3
Жер учаскесінің көлемі – 0,65652 га
Қазіргі таңдағы мектеп оқушыларының саны – 566
МЕКТЕП ТАРИХЫ
🔹№15 орта мектебінің іргетасы 1939 жылы Ақтөбе қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде, қазіргі Гоголь көшесі, 12-үй мекенжайында қаланып, 19 қараша күні жалпы білім беретін орыс мектебі болып ашылды.
🔹Мектептің алғашқы директорлары: 1939–40 жж. А. Пименов, 1940–41 жылдары Обирайло Иван Емельянович, 1942–44 жылдары Федин Георгий Васильевич сияқты қиыншылықты мойымай көтерген ұстаздар болған. Мектеп алғашында 635 орынға арналып, сабақтар 2 ауысымда жүргізілген.
🔹7 жылдық білім беретін мектеп соғыс басталған күннен бастап оқушыларды 2 ғана кабинетте оқытты.
🔹Ел басына ауыртпалық түскен 1941 жыл мектеп ұжымына да үлкен қайғы-қасірет әкелді. Ел еңсесін көтере бастаған кезде Ұлы Отан соғысы басталды. 1941 жылы жүз мыңнан астам ақтөбеліктер арасынан №15 мектептің ұстаздары да соғысқа аттанды. Солардың ішінде комсомол комитетінің хатшысы Нестияковский В., комитет мүшесі А. Глухов т.б. болды.
🔹1941–1945 жылдары мектепте әскери аурухананың жұмысы ұйымдастырылды. Соғыс басталысымен мектеп госпитальға айналды.
🔹1946–1947 жылдары мектептің директорлық қызметін Белоглазов Александр Леонтьевич, ал 1947–1972 жылдары Баутина Евстолия Петровна атқарды.
🔹Мектеп өзінің ең алғашқы түлектерін 1949 жылы ұшырды, небәрі 12 оқушы болған.
🔹1939 жылдан бастап осы кезге дейін мектебімізді 12 директор басқарды. Соның ішінде мектептің толық қазақ мектебі болып ауысуына үлкен үлес қосқан Қосанов Хәкім Әубәкірович.
🔹2002 жылдан бастап мектеп толық қазақ орта мектебі болып ауысты.
🔹2016 жылы мектепке жаңа үлгіде жасақталған қосымша ғимарат пен мектеп шеберханасы салынып, пайдалануға берілді.
🔹2019 жылы мектептің 80 жылдығына орай мектеп мұражайы ашылды.
🔹2020 жылы әлемдік індетке байланысты мектепте қашықтықтан оқыту жүйесі енгізіліп, мұғалімдер мен оқушылар онлайн білім беру платформаларын тиімді меңгерді. Бұл кезеңде цифрлық технологияларды пайдалану деңгейі едәуір артты.
🔹2021–2022 жылдары мектепте білім сапасын арттыруға бағытталған түрлі жобалар мен байқауларға қатысу белсенділігі күшейіп, оқушылар облыстық, қалалық деңгейде жетістіктерге жетті. Ақтөбе облыстық Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, «Ынтымақтастық» желілік қауымдастығы серіктес мектептермен бірге жылдық жоспарға сәйкес әртүрлі деңгейдегі облыстық семинарлар өткізілді. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы мұғалімдер тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ашық сабақтар мен ықшам сабақтарды жүйелі түрде өткізіп, «жоғары» деңгейде бағаланды.
🔹2023 жылы мектепте тәрбиелік және білім беру жұмыстары жаңа форматта ұйымдастырылды.Оқушылардың шығармашылық және ғылыми қабілеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Ақтөбе облыстық Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, «Ынтымақтастық» желілік қауымдастығы серіктес мектептермен бірге жылдық жоспарға сәйкес әртүрлі деңгейдегі облыстық семинарлар өткізілді. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы мұғалімдер тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ашық сабақтар мен ықшам сабақтарды жүйелі түрде өткізіп, «жоғары» деңгейде бағаланды.
🔹2024 жылы мектеп ұжымы білім сапасын көтеру, цифрландыру және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында жұмыстарын жалғастырды. Ақтөбе облыстық Педагогикалық шеберлік орталығымен бірлесе отырып, «Ынтымақтастық» желілік қауымдастығы серіктес мектептермен бірге жылдық жоспарға сәйкес әртүрлі деңгейдегі облыстық семинарлар өткізілді. Қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы мұғалімдер тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ашық сабақтар мен ықшам сабақтарды жүйелі түрде өткізіп, «жоғары» деңгейде бағаланды.
🔹2025 жылы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толықтай жаңартылды. Нәтижесінде оқу кабинеттері, спорт залы және басқа да нысандар заманауи талаптарға сай қайта жабдықталып, оқушыларға қолайлы жағдай жасалды.
🔹Сонымен қатар, 2025 жылы жазушы Ілияс Есенберлиннің 111 жылдығына орай қалалық деңгейде атаулы іс-шара өткізілді. Осы жылы мектепте «Жас сақшы» сыныбы ашылып, 8-сыныптың 19 оқушысы салтанатты түрде ант қабылдап, Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға, тәртіпті әрі жауапты болуға және қауіпсіздікті нығайтуға уәде берді.
🔹2026 жылдың 24 қаңтар күні Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров мектепке арнайы келіп, күрделі жөндеуден кейінгі жаңартылған білім ордасының жағдайымен танысты және атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді.
🔹Жаңартылған мектеп базасында білім беру үдерісі жаңа деңгейге көтеріліп, инновациялық әдістер кеңінен енгізілуде. Мектеп ұжымы сапалы білім мен саналы тәрбие беруді басты мақсат етіп, өз жұмысын табысты жалғастырып келеді.

«Жас сақшы» кадет класы

«Жаңартылған білім ордасы: сапа мен мүмкіндіктердің жаңа деңгейі»

KZ
