⚜️Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай 8 «Ә» сынып оқушылары мектебімізде ерекше жылулық сыйлады. Оқушылар ұстаздарға, оқушыларға және мектеп қызметкерлеріне ұлттық тағамымыз – бауырсақ таратып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бұл игі іс – сыйластық пен бірліктің, қазақтың кең пейілді дәстүрінің көрінісі. Осы шараға ат салысқан ата-аналарға шексіз, ерекше алғысымызды білдіреміз❤️💐
Баршаңызға Наурыз мерекесі құтты болсын! 🌿

KZ
