⚜️Ұлыстың ұлы күні – Наурыз құтты болсын! 🌸🌿
Бүгін, 16 наурыз күні, мектепалды даярлық тәрбиеленушілерімен бірге Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын ерекше көңіл-күймен атап өттік. Балалар ұлттық дәстүрлермен танысып, ән айтып, би билеп, ойындар ойнап, мерекенің шынайы атмосферасын сезінді.
Наурыз – жаңару мен жақсылықтың, береке мен бірліктің мерекесі. Осындай мерекелер арқылы бүлдіршіндеріміз халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеп, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіреді.
Баршаңызға амандық, молшылық және қуаныш тілейміз!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! ✨
Жетекшісі: Ж.К.Даулетбаева
KZ

