Skip to content

⚜️Ұлттық киім – ұлттың жаны, тарихтың үні, мәдениеттің айнасы. Бүгінгі…

⚜️Ұлттық киім – ұлттың жаны, тарихтың үні, мәдениеттің айнасы.

Бүгінгі Ұлттық киім кию күні – ата-бабамыздан жеткен асыл мұраны дәріптейтін ерекше күн. Әр оюдың астарында мән бар, әр өрнекте – тұтас бір тарих жатыр. Камзолдың нәзіктігі, шапанның салтанаты, сәукеленің көркі – бәрі де қазақтың болмысын айшықтайды.

Ұлттық киімді кию – тек дәстүрді сақтау ғана емес, өз тамырыңа құрметпен қарау. Бүгін бір күн болса да, ұлттық нақышты бойымызға сіңіріп, рухымызды жаңғыртайық.

Ұлттық киім – ұлттың мақтанышы! 🇰🇿