Skip to content

⚜️«Тәрбие үрдісін жүйелі талдау оны оңтайландырудың шарты ретінде» тақырыбында 29…

⚜️«Тәрбие үрдісін жүйелі талдау оны оңтайландырудың шарты ретінде» тақырыбында 29 сәуір күні кезекті класс жетекшілер отырысы өтті. Тәрбие үрдісін жүйелі талдау дегеніміз мектепте тәрбие жұмысының мазмұнын, әдістерін, формаларын және нәтижелерін кешенді түрде зерттеу, бағалау жұмыстарының үдерісі. Талдау жұмыстары тәрбие жұмысының тиімділігін арттыруға, кемшіліктерін анықтауға және оларды дер кезінде түзетуге мүмкіндік береді. Тәрбие үрдісін талдау барысында тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерінің орындалу деңгейі, қолданылып жатқан әдіс-тәсілдердің тиімділігі,оқушылардың тәрбиелілік деңгейі, сынып жетекшілердің жұмысы, ата-аналармен өзара байланыс нәтижелері
және өткізілген іс-шаралардың сапасы талқыланды.