Skip to content

⚜️Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықпен күресу — әрбір…

⚜️Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықпен күресу — әрбір адамның борышы» атты апталықтың мектепішілік жоспарына сәйкес жиын ұйымдастырылды. Жиын барысында алдағы өтетін шаралар туралы талқыланды және оқушылардың белсенді қатысуы ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, сынып сағаттары, дөңгелек үстелдер, пікірталас сабақтары мен тәрбие сағаттарын ұйымдастыру жоспарланды.
Оқушылар жемқорлықтың алдын алу бағытында түрлі шығармашылық жұмыстарға қатысуға шақырылды. Бұл шаралар арқылы олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және әділдікке деген көзқарасын қалыптастыру көзделді.
Жиын соңында қатысушылар адалдық пен парасаттылық қағидаларын ұстанып, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға белсенді үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.#адал_азамат
#адал_азамат_ақтөбеоблысы
#адал_азамат_біртұтас_тәрбие