⚜️Мен еңбек жолымды Ілияс Есенберлин атындағы №15ОМ аға вожатый, бастауыш сынып мұғалімі ретінде бастап, бүгінгі күні өзімді кәсіби тұрғыда дамыту үстіндемін. Бұл жолда маған үлкен қолдау көрсетіп жүрген тәлімгерім – бастауыш сынып мұғалімі, ОТЖ орынбасары Василиева Айгүл Максимқызы
Ұстаздық жолдың алғашқы кезеңінде бағыт-бағдар беретін адамның болуы аса маңызды. Тәлімгерім тек тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, әр сабағымды жетілдіруге, оқушылармен тиімді жұмыс жасауға үйретіп келеді. Соның нәтижесінде өзіме деген сенімім артып, мамандығыма деген қызығушылығым күшейе түсті.
Әрбір айтқан ақылы, көрсеткен көмегі мен үшін үлкен тәжірибе. Осындай қолдаудың арқасында алдағы уақытта білікті маман болып қалыптасуға бар күшімді саламын.
KZ

