Skip to content

📚 МЕКТЕПТЕ “ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ” БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ. Мектебімізде 9…

📚 МЕКТЕПТЕ “ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУ” БОЙЫНША ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
Мектебімізде 9 және 11 сынып білім алушыларына қорытынды аттестаттау тәртібі бойынша маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.Н. Балғалиев білім алушыларға қорытынды аттестаттаудың форматы, пәндер тізімі, емтихан тапсыру ережелері және оған жіберілу талаптары туралы толық ақпарат берді.
Сонымен қатар, оқушыларға емтихан нәтижелерінің бағалануы, қосымша мүмкіндіктер, сондай-ақ қорытынды аттестаттаудан босатылатын жағдайлар кеңінен түсіндірілді.
🎯 Мақсаты – білім алушыларды алдағы емтихандарға жүйелі дайындау, жауапкершілікті арттыру және ережелермен толық таныстыру.