Skip to content

⚜️Мектеп асханасына бракераж комиссиясы тарапынан жоспарлы тексеру (мониторинг) жүргізілді. Тексеру…

⚜️Мектеп асханасына бракераж комиссиясы тарапынан жоспарлы тексеру (мониторинг) жүргізілді.

Тексеру барысында:
✅ ас мәзірінің бекітілген мәзірге сәйкестігі,
✅ дайын тағамдардың сапасы,
✅ санитарлық-гигиеналық жағдай,
✅ тағам өнімдерін сақтау және тасымалдау талаптары,
✅ қызмет көрсету тәртібі толық қаралды.

🍽️ Дұрыс және сапалы тамақтану — балалардың денсаулығы мен білім алудағы табысының негізі.
Сондықтан мектеп асханасында қауіпсіз, құнарлы әрі теңгерімді тағаммен қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты түрде бақылауда.

Сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.