⚜️Мектебімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Жемқорлықпен күресу — әрбір адамның борышы» атты апталықтың мектепішілік жоспарына сәйкес 8-сәуір
«Мен адал оқушымын” тақырыбында бастауыш оқушыларына сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға адалдық, шыншылдық, әділдік сияқты адамгершілік қасиеттердің маңызын түсіндіру болды.
Сабақ барысында оқушылармен адалдық туралы әңгімелер жүргізіліп, түрлі жағдаяттар ұсынылды. Балалар өз ойларын айтып, адал және адал емес әрекеттерді ажырата білді. Сонымен қатар, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздер талқыланды.
Сынып сағаты соңында оқушылар өз ойларын қорытындылап, «адал оқушы» болуға уәде берді. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы оқушылардың адамгершілік құндылықтары қалыптасып, тұлға болып дамуына негіз қаланады.

KZ

