Skip to content

📚 Мектебімізде педагогикалық-психологиялық консилиум өткізілді. Мақсаты: бастауыш буын оқушыларының білім…

📚 Мектебімізде педагогикалық-психологиялық консилиум өткізілді.
Мақсаты: бастауыш буын оқушыларының білім сапасын арттыру, оқу жетістіктерін саралау және келесі білім сатысына бейімдеу.

Консилиум барысында мектепалды даярлық, 1 және 4-сынып оқушыларының білім деңгейлері, оқу бағдарламасын меңгеруі, психологиялық және академиялық бейімделуі жан-жақты талқыланды. Оқушылардың білім, білік, дағдыларына талдау жүргізіліп, мониторинг нәтижелері сараланды.
Жиын қорытындысы бойынша білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен алдағы жұмыс жоспарлары айқындалды.
✨ Әрбір оқушының сапалы білім алып, өз мүмкіндігін толық ашуына жағдай жасау — басты мақсатымыз.