Skip to content

⚜️Мектебімізде “Наурызнама” онкүндігінің жоспарына сәйкес елжандылық рухы бөлімі бойынша 4-сынып…

⚜️Мектебімізде “Наурызнама” онкүндігінің жоспарына сәйкес елжандылық рухы бөлімі бойынша 4-сынып оқушыларына “Оян, қазақ!” фильмі көрсетілді.

Кино көрсету барысында оқушылар туған жерге деген сүйіспеншілік, Отанға адал қызмет ету, елін қорғау сынды асыл құндылықтардың маңызын тереңірек түсінді.

Көрсетілімнен кейін оқушылар өз ойларымен бөлісіп, фильмнен алған әсерлерін ортаға салды. Бұл олардың ой-өрісін кеңейтіп, елжандылық сезімін арттыра түсті.

Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында Отанға деген мақтаныш пен жауапкершілік сезімін қалыптастырады. 🇰🇿

#NauryzDigitalAqtobe2026 #НаурызнамаАқтөбе2026