Skip to content

⚜️Мектебімізде “Наурызнама” онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай…

⚜️Мектебімізде “Наурызнама” онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне орай 1–2 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағаттары барысында оқушыларға халқымыздың бай мұрасы – ұлттық салт-дәстүрлер таныстырылып, олардың мән-мағынасы кеңінен түсіндірілді.

Оқушылар ұлттық дәстүрлерден көріністерді қызықтап тамашалап, шараның мазмұны одан әрі жандана түсті.

Ұлттық рухты дәріптеген мазмұнды сынып сағаттары оқушылардың қызығушылығын арттырып, олардың бойында елжандылық пен ұлттық мәдениетке деген құрмет сезімін қалыптастырды.

#NauryzDigitalAqtobe2026
#НаурызнамаАқтөбе2026