⚜️Мектебімізде бүгін, 15 сәуір күні Ұлттық кітап күніне арналған онкүндік аясында №5 С.Я. Маршак атындағы қалалық балалар кітапханасымен бірлесе отырып, МАД сыныбында «Менің оқыған ертегім» атты мейкерспейс сабақ өткізілді. Негізгі мақсаты – балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ертегілер арқылы ой-өрістерін кеңейту болды.
Оқушылар өздері оқыған ертегілерін әңгімелеп, кейіпкерлерін сипаттап, ертегі мазмұны бойынша түрлі шығармашылық жұмыстар орындады. Балалар сурет салып, ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жасап, өз қиялдарынан жаңа оқиғалар құрастырып, белсенділік танытты. Сонымен қатар, мейкерспейс форматында ұйымдастырылған бұл жұмыс барысында оқушылар топпен бірлесіп әрекет етіп, өз идеяларын ортаға салып, тәжірибе алмасты.
Балаларға ерекше әсер қалдырып, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыра түсті. Оқушылар белсенді қатысып, өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін көрсете білді.
Аталған сабақты кітапхана меңгерушісі Г.А. Нұрғалиеваның ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
KZ



