Skip to content

⚜️Мектебімізде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіп пен мәдениетті нығайту…

⚜️Мектебімізде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіп пен мәдениетті нығайту мақсатында мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілер мен Ақтөбе қаласы ІІБ Алматы ауданы №2 ҚПБ полиция полиция лейтенанты Л.Бисекенованың қатысуымен балаларды күтіп алу алгоритмі іс-шарасы жүргізілді. «Заң және тәртіп» айлығы аясында мектеп иснпекторы оқушылар арасында құқықбұзушылықтың себеп-салдарын, мектепке әкелуге болмайтын тыйым салынған заттарды кастет, суық қару т.б. әкелмеу және қолданбау, электронды темекі, есірткі тарату, ұрлық, бопсалау, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрудің алдын алуы және қауіпсіздік шараларын сақтау, есірткі тасымалдаудың алын алу жөнінде түсінік жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектеп оқушылары жолдан тек жаяу жүргіншілер өткелі (пешеход) арқылы өтуін, жаяу жүргіншілер өткелінен өтпеген жағдайда айыппұл салынатынын ескертті.
«Заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды.»
Оқушылардың қауіпсіздігі – ортақ жауапкершілік!