Skip to content

📚 Мектебімізде балалар әдебиеті онкүндігі өтуде. 🏫 «Адал азамат» біртұтас…

📚 Мектебімізде балалар әдебиеті онкүндігі өтуде.

🏫 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектебімізде «Балалар кітапханасы» жобасы жүзеге асырылып, балалар әдебиеті онкүндігі басталды.

👩‍🎓 Бұл бастама оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, көркем және ғылыми-танымдық әдебиеттер арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, сондай-ақ шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған.

📖 Онкүндік аясында мектебімізде кітап көрмелері, әдеби кездесулер, ертегі оқу сағаттары, шығармашылық байқаулар мен түрлі танымдық іс-шаралар ұйымдастырылуда.

👩‍🏫 Сонымен қатар бұл жоба мектеп кітапханасының маңызын арттырып, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

👥 Іс-шараларға 1–11 сынып оқушылары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері, кітапханашы және ата-аналар белсенді қатысуда.

📅 Аталған онкүндік оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамытып, шығармашылық ойлауын жетілдіруге және кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады.