Skip to content

✍️ Мектебімізде әр түрлі бағыттағы үйірмелер белсенді жұмыс істейді. Оқушылардың…

✍️ Мектебімізде әр түрлі бағыттағы үйірмелер белсенді жұмыс істейді. Оқушылардың қызығушылығын арттырып, бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әр үйірме тәжірибелі мамандардың жетекшілігімен өткізіледі.

🔹 Грек-рим күресі және асық ату үйірмелерінің жетекшісі – Б.М. Сәдіров. Ол балалардың күш-қуатын арттырып, ұлттық ойын арқылы дәлдік пен ептілікті қалыптастырады.

🔹 Ұл балаларға арналған футбол және волейбол үйірмелерін – Ғ.Ә. Құлбарақ жүргізеді. Үйірмеде балалар ойын тактикасын меңгеріп, жылдамдық пен төзімділікті арттырады.

🔹 Қыз балаларға арналған футбол және волейбол үйірмелеріне – Қ.Б. Узакбаева жетекшілік етеді. Жаттығулар барысында қыздар командалық бірлікке, шапшаң қимылдауға және өзара қолдауға үйренеді.

🔹 Тоғызқұмалақ және бокс үйірмелерін – А.Қ. Кеңес жүргізеді. Тоғызқұмалақта оқушылар логикалық ойлауын дамытса, бокс үйірмесінде дұрыс қимыл техникасын меңгереді.#sports#футбол#волейбол#тоғызқұмалақ#асықатубоксспортспортспорт