⚜️Мектебімізде әр дүйсенбі күні өткізілетін дәстүрлі «Әдеп сызығы» — оқушылардың тәртібі мен мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды шара.
Бұл жиында мектеп формасын сақтау, тазалық, сабаққа қатысу сияқты талаптарға ерекше көңіл бөлінеді.
🔹Бүгінгі «Әдеп сызығына» мектеп президенті Кинжебай Бекнұр қатысып, құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары туралы ақпарат берді.
🔹 Апта бойы белсенділік танытып, тәртібімен және үлгілі мінезімен ерекшеленген оқушылар қорытындыда марапатталып, өзгелерге үлгі ретінде таныстырылады.
🔹 «Әдеп сызығы» — оқушылардың жауапкершілігін арттырып, ынтасын көтеруге ықпал ететін маңызды дәстүр.

KZ





