Skip to content

⚜️Мектебімізде «2GIS электронды картасы негізінде оқушылардың қозғалысын бақылау» жобасы аясында…

⚜️Мектебімізде «2GIS электронды картасы негізінде оқушылардың қозғалысын бақылау» жобасы аясында 7 «Ә» сынып жетекшісі Г.Сержанова, 10 «А» сынып жетекші Г.Жолдыбаева оқушылардың ата-аналарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында пилоттық жобаның мақсаты мен міндеттері кеңінен таныстырылып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мүмкіндіктері талқыланды. Ата-аналар мен ұстаздарға 2GIS электронды картасын пайдалану арқылы балалардың қозғалысын бақылау жолдары түсіндіріліп, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.

Аталған іс-шара мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтуға, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған пилоттық жобаны бірлесіп жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды.