Skip to content

⚜️Мектебімізде 26-наурыз күні ұстаздарға арналған жиналыс өткізілді. Жиналыс тақырыбы: «Білім…

⚜️Мектебімізде 26-наурыз күні ұстаздарға арналған жиналыс өткізілді.
Жиналыс тақырыбы: «Білім беру ортасында білім алушылар арасындағы буллинг пен дағдарыстық жағдайлардың алдын алу шарасы ретінде педагогтердің психологиялық құзыреттілігін арттыру арқылы психологиялық тұрғыдан қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру».
Іс-шараға мектеп психологтары қатысып, педагогтерге білім алушылар арасындағы буллингтің алдын алу, дағдарыстық жағдайларды ерте анықтау, психологиялық қолдау көрсету алгоритмдері мен қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастырудың тиімді тәсілдері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиналыс барысында қатысушылар тәжірибелік жаттығулар орындап, нақты кейстер бойынша пікір алмасты. Нәтижесінде педагогтердің психологиялық құзыреттілігін арттыруға және білім беру ұйымдарында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған ұсынымдар берілді.#біртұтастәрбиебағдарламасы