⚜️Мектебімізде 26 наурыз күні, көктемгі каникул кезіндегі білім алушылардың қауіпсіздігі бойынша ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста: «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар, өткізіліп жатқан шаралар туралы мағлұматтар берілді. Сонымен қатар Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмыстарының іске асырылуы, білім сапасы, ІІІ тоқсан қорытындысы, оқушылардың тәртібі, «Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алуы, мектепке әкелуге болмайтын тыйым салынған заттарды әкелмеу және қолданбау, электронды темекі, есірткі тарату, ұрлық, бопсалау, жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілсіз жүрудің алдын алуы қауіпсіздік ережелерін сақтау, жолда абай болу, теміржол бойында абай болу мәселелеріне тоқталып түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 5-8, 10 кластар: “Қазақ тілі пәні бойынша аралық аттестаттауды өткізу туралы”; 9 класс: “Мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын өткізу туралы”; 11 класс: “Мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу туралы” емтихандардың өткізілу кестесі ата-аналарға таныстырылды.
⚜️Мектебімізде 26 наурыз күні, көктемгі каникул кезіндегі білім алушылардың қауіпсіздігі…

KZ


