⚜️Мектебімізде 18 мамыр күні Ақтөбе облысы Білім басқармасының басшысы Б. Күзембаева бекіткен «Білім беру ұйымдарында жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және таңертеңгілік күтіп алу алгоритмі» аясында кезекті жұмыс жүргізілді. Мектеп әкімшілігі, ата-аналар қауымы, сынып жетекшілері және мектеп президенті қатысты.
Шараның негізгі мақсаты — білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайту және оқушыларды күн сайын көтеріңкі көңіл күймен қарсы алу.
Аталған алгоритм ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.03.2023 жылғы №61 бұйрығына, 2024 жылғы 28 тамыздағы №227 және 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрықтарына сәйкес ұйымдастырылуда.
KZ


