⚜️Мектебімізде 15 наурыз күні референдум өтті. Бұл – халықтың өз таңдауын білдіріп, ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге қатысуының көрінісі.
🔹Сонымен қатар 15 наурыз – Қайырымдылық күні. Мектебімізде Наурызнама онкүндігінің екінші күні «Наурыз – базарлық» тақырыбында қайырымдылық акциясы өтті. Бұл – адамгершілік пен мейірімділікті қолдайтын, адамзаттың бір-біріне көмектесуге ұмтылатын ерекше күн. Мектебіміздің ата-аналары, мектеп ұжымы ұйымдастыруымен аталмыш мереке қарсаңында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Белсенді ата-аналарымыз қазақтың түрлі тағамдарын өз қолдарымен дайындап, келушілерге ұсынды. Жәрмеңкенің басты мақсаты – адамдарды қайырымдылыққа, ізгілік пен мейірімділікке шақыру. Қайырымдылық — жүректен жүрекке жол табатын күш.
KZ

