Skip to content

⚜️Мектебімізде 13 мамыр күні «5 минуттық құндылықтар» жобасы аясында «Ақпараттық…

⚜️Мектебімізде 13 мамыр күні «5 минуттық құндылықтар» жобасы аясында «Ақпараттық цифрлық қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.

Іс-шара барысында білім алушыларға интернеттегі қауіпсіздік ережелері, жеке мәліметтерді қорғау, әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану және киберқауіпсіздік мәдениеті туралы маңызды ақпараттар түсіндірілді.

Оқушылар цифрлық ортадағы сақтық пен жауапкершіліктің маңызын талқылап, қауіпсіз әрекет ету жолдары бойынша өз ойларымен бөлісті.