Skip to content

🔰 Құрметті түлектер, ата-аналар және ұстаздар! 🎓 Жақында мектеп өміріндегі…

🔰 Құрметті түлектер, ата-аналар және ұстаздар!

🎓 Жақында мектеп өміріндегі ең әсерлі әрі есте қаларлық сәттердің бірі — мектеппен қоштасу салтанаты өтеді. Бұл — қуаныш пен толғанысқа, үлкен үміт пен асқақ арманға толы ерекше кезең.

📚 Биыл Ақтөбе облысында 11-сыныпты 11 мыңға жуық түлек аяқтағалы отыр. Сондықтан мектеп бітіру кеші әрбір жас түлектің жанында жарқын әрі қауіпсіз мереке ретінде сақталуы өте маңызды. Ең бастысы, мерекелік көңіл-күйдің орынсыз әрекеттер мен келеңсіз жағдайларға ұласпауына ерекше назар аудару қажет.

🎯 Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектептен тыс жерлерде — мейрамханаларда, кафелерде және өзге де ойын-сауық орындарында мектеп бітіру кешін өткізуге жол берілмейтінін еске саламыз.

‼️ Өкінішке қарай, кәмелетке толмағандардың кортеж ұйымдастыруы, автокөлікті заңсыз басқаруы, түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз көшеде жүруі, жалдамалы пәтерлерде бақылаусыз жиналуы қайғылы жағдайларға себеп болып жатады. Сондықтан балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналар тарапынан ерекше жауапкершілік пен қатаң бақылау қажет.

📌 Қымбатты түлектер!
Өздеріңізді және достарыңызды құрм