⚜️Құрметті түлектер, ата-аналар!
Мектеп бітіру салтанаты кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеміз.
❗ Көлікпен кортеж ұйымдастыру, жол ережесін бұзу, терезеден шығу және кәмелетке толмағандардың көлік басқаруы заңмен тыйым салынады.
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігі полицияның ерекше бақылауында болады.
Өз өміріңіз бен өзгелердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараңыздар!
KZ

