📢 Құрметті оқытушылар мен оқушылар!
Мектебімізде «Ізгілік қорабы» акциясы өтеді 🐾
Бұл шара аясында біз жануарлар панасына көмек көрсету үшін арнайы қораптарға қажетті заттарды жинаймыз. Сіздерді осы игі іске белсене қатысуға шақырамыз!
🧺 Қорапқа салуға болады:
Қазір аса қажет:
• Иттерге арналған құрғақ жем (кез келген марка)
• Мысықтарға арналған құрғақ жем (Monami, Me-O, Дарлинг, A Pro, Снежок, Catland, Whiskas)
• Темір ыдыстар, пластик легендер, шелектер, үлкен көлемді кастрөлдер — су мен тамаққа арналған
• Ауру жануарларға арналған төсеніштер (сүлгілер, көрпелер, жаймалар, шүберектер, пледтер, кілемшелер, маттар)
• Жармалар (қарақұмық, күріш) — ботқа дайындауға
• Иттерге арналған консервілер (Трапеза немесе Оскар)
• Мысықтарға арналған ылғалды жем (кез келген марка)
Дәріханаға қажетті заттар:
• Қағаз лейкопластырь
• Мақта
• Мақта таяқшалары
• Бинттер
• Белсендірілген көмір
📍 Қораптарды жинау орны мектеп ішінде ұйымдастырылады.
Әрбір қосқан үлестеріңіз — қамқорлық пен мейірімнің белгісі ❤️
Бірге жақсылық жасайық!
Ізгі ниетпен,
Мектеп әкімшілігі
#qamqorbol
KZ



