Skip to content

⚜️Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары! 10 маусымнан бастап Ілияс…

⚜️Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары!

10 маусымнан бастап Ілияс Есенберлин атындағы «№15 орта мектебі» КММ-де 1-сыныпқа құжаттар қабылдау басталады. Құжат қабылдау 31 тамызға дейін жалғасады.

Ата-аналардан құжаттарды алдын ала дайындап, өтініш беруді кешіктірмеу сұралады. Сыныптардың толуына байланысты қабылдау ертерек аяқталуы мүмкін.

🔷 Өтініш беру электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады:
egov.kz

🔷 Қажетті құжаттар:
✅ Ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші;
✅ Баланың 3×4 см цифрлық фотосуреті;
✅ Баланың денсаулық паспорты (№052-2/у нысаны). 2025 жылдан бастап бұл нысан eGov жүйесінде электрондық форматқа ауыстырылған;
✅ Профилактикалық екпелер картасы (№065/у нысаны);
✅ Қажет болған жағдайда ПМПК қорытындысы.

🔷 1-сыныпқа қабылдау туралы өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.

❗ Қабылдаудан бас тарту себептері:
— сыныптардың толып кетуі;
— ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дұрыс болмауы немесе жалған болуы.

📍 Мекенжай: Ақтөбе қаласы, Н.В. Гоголь көшесі, 12
☎️ Байланыс телефоны: 45-81-98