Құрметті Ақтөбе облысының тұрғындары мен қонақтары!
Күннің жылынуына және табиғат аясында демалушылар санының артуына байланысты Ақтөбе облысының ТЖД демалыс кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын қатаң сақтауды еске салады.
🔥 От жағу және мангал пайдалану тек арнайы жабдықталған әрі рұқсат етілген орындарда ғана жүзеге асырылуы тиіс.
🔥 Отты, көмірді және мангалды қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдырмаңыз.
🔥 Кетер алдында оттың толық сөндірілгеніне, су құйылғанына немесе топырақпен жабылғанына көз жеткізіңіз.
🔥 Жол бойында автокөлік терезесінен сөндірілмеген темекі тұқылдарын, сіріңке мен өзге де өрт көзі болуы мүмкін заттарды тастамаңыз. Бұл құрғақ шөптің тұтануына және дала өрттерінің шығуына себеп болуы мүмкін.
🔥 Тұрғын үйлердің, саяжай учаскелерінің және орманды-дала алқаптарының маңында қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді өртеуге жол бермеңіз.
🔥 Балалардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөліп, оларды ашық оттың жанында ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз.
Есіңізде болсын: бір ғана ұшқын ірі өртке, табиғаттың жойылуына және адам өміріне қауіп төнуіне себеп болуы мүмкін.
Өрт анықталған жағдайда дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне хабарласыңыз.
Өзіңізді, жақындарыңызды және қоршаған ортаны қорғаңыз!

KZ


