Skip to content

⚜️Көктемнің шуақты мерекесі — Наурыз мейрамы Ілияс Есенберлин атындағы №15…

⚜️Көктемнің шуақты мерекесі — Наурыз мейрамы Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде «Наурызнама» онкүндігі аясында кең көлемде аталып өтті.

Іс-шараға мектеп ұжымы, оқушылар, ата-аналар, мектеп түлектері, ақсақал ұстаздар мен Ата-әжелер комитетінің мүшелері қатысып, ұрпақтар сабақтастығы мен ұлттық құндылықтардың маңызын дәріптеді.

Мерекелік жиынға Алматы әкімдігінен келген қонақтар арнайы қатысып, сондай-ақ мектебіміздің директоры А.Қ. Ешмағамбетова барша жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күні — 22 Наурыз мейрамымен құттықтап, жүрекжарды жылы лебізін білдірді.

Сонымен қатар, ақсақалдар ақ баталарын беріп, мектеп ұжымына ризашылықтарын білдіріп, ізгі тілектерін жолдады.

Мереке барысында ұлттық спорт түрлері насихатталып, ләңгі тебу, арқан тартыс, гір көтеру секілді ойындар ұйымдастырылды. Ұлттық дәстүрлерді жаңғырту мақсатында тұсау кесер рәсімі өткізіліп, көпшілікке ерекше әсер сыйлады.

Қатысушылар ұлттық ойындарға белсене қатысып, мерекелік көңіл-күйді сезінді. Сахнада ән шырқалып, би биленіп, халқымыздың бай салт-дәстүрлері кеңінен көрініс тапты.

Қонақтарға Наурыздың мәні мен мазмұнын айшықтайтын ұлттық тағамдар ұсынылып, мереке көркем шығармашылық нөмірлермен жалғасын тапты.

✨ Наурыз — бірлік пен берекенің, ізгілік пен жаңарудың символы. Осындай игі шаралар арқылы жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарды дәріптеу алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

#NauryzDigitalAqtobe2026 #НаурызнамаАқтөбе2026