Семинардың мақсаты — сабақ барысында жасанды интеллект пен белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру және педагогтер арасында өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау.
Желілік семинар барысында І.Есенберлин атындағы №15 орта мектеп директоры А.Қ. Ешмағамбетова “Бастауыш мектептердегі ЖИ технологиялары: сапалы білім берудің жаңа қадамдары” тақырыбында жан-жақты ақпарат беріп, қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетті.
Семинар аясында 13 жұмыс түрі (ашық сабақтар, ықшам сабақтар, коучингтер) өткізілді. Қатысушылар “Алты қалпақ” әдісі арқылы кері байланыс беріп, семинарды “жоғары деңгейде өтті” деп бағалады.
KZ
