Skip to content

⚜️І.Есенберлин ат.№15 ОМ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты өтетін…

⚜️І.Есенберлин ат.№15 ОМ әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының аяқталуына байланысты өтетін соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңінде (4, 9, 11-сынып бітірушілеріне қатысты) төмендегі маңызды талаптарды назарларыңызға ұсынады:

🔷 Педагогикалық әдептілік пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық беруге, қаржы жинауға қатаң тыйым салынады.

🔷 Аниматорлар, түрлі студиялар мен мерекелік агенттіктерді шақыруға рұқсат етілмейді.

🔷 Мектептің жөндеу жұмыстарына немесе санитарлық-шаруашылық қажеттіліктеріне ата-аналардан қаражат жинауға жол берілмейді.

🔷 Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік шеруін ұйымдастыруға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханалар мен дәмханаларға баруға тыйым салынады.

🔷 Мектеп ішінде де, мектептен тыс жерде де ата-аналар тарапынан дастархан ұйымдастыруға және қаржы жинауға рұқсат етілмейді.

🔷 Қорытынды аттестаттау кезеңінде оқушылардың мектеп формасын сақтап, тәртіп пен жауапкершілікті ұстануы – міндетті талап.

⚠️ Ескерту:
Аталған талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде міндетті.
Бұл шектеулер – білім беру үдерісіндегі әділдік, ашықтық, қауіпсіздік және педагогикалық этиканы сақтау мақсатында енгізілген.

Құрметті ата-аналар!
Сіздерді жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтауға және балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Біз үшін әрбір оқушының сапалы білім алып, саналы тәрбие көруі – басты міндет.

@aqtobe_bilim_bolimi
@aqtobe_bilim_basqarmasy