Skip to content

⚜️Бүгін жас мамандар арасында “Жас маман – жаңа көзқарас, жаңа…

⚜️Бүгін жас мамандар арасында “Жас маман – жаңа көзқарас, жаңа серпін” атты шара өтті.
Мақсаты- жас мамандардың шығармашылығын, тапқырлығын және командалық жұмысын дамыту.
Қатысушылар әртүрлі қызықты тапсырмалар арқылы өз қабілеттерін жан-жақты көрсете білді.
🔹 Мимикамен көрсету – ойды сөзсіз жеткізу шеберлігі
🔹 Бес асық ату – ұлттық ойын арқылы ептілік пен дәлдік
🔹 Адасқан әріптер – логика мен жылдам ойлау
🔹 Мақалды жалғастыр – халық даналығын ұштастыру

Әр кезеңде жас мамандар белсенділік танытып, бір-біріне қолдау көрсете отырып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл шара олардың кәсіби дамуына серпін беріп, жаңа идеялар мен тың көзқарастардың қалыптасуына ықпал етті.
Жас маман – болашақтың жарқын келбеті!
Ұйымдастырушылар: Тыныбекова А.И., Канаева Б.Е.