⚜️Бүгін ұжымымызда ардақты әріптесімізді құрметті Лиза Қожабайқызын зейнет демалысына шығарып салуға арналған жылы жүздесу кеші өтті. Көп жылдық еңбегімен ұжымның сый-құрметіне бөленген әріптесімізге шынайы алғысымыз бен ізгі тілектеріміз айтылды.
Кеш барысында еңбек жолындағы жетістіктері еске алынып, әріптестері мен группаластары, отбасы мүшелері жүрекжарды лебіздерін білдірді. Ұжым атынан естелік сыйлықтар табысталып, ақжарма тілектер жолданды.
Ардақты әріптесімізге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық, бейбіт те бақытты өмір тілейміз. Зейнеттің қызығын көріп, немере-шөберенің қуанышына бөлене берсін!
KZ

