Skip to content

⚜️ Бүгін мектебіміздегі ойын алаңының балалары қаламыздағы Планетарийге барып, ғарыш…

⚜️ Бүгін мектебіміздегі ойын алаңының балалары қаламыздағы Планетарийге барып, ғарыш әлеміне саяхат жасап, түнгі аспанның тылсым сырларымен танысты.

Бастауыш сынып оқушыларының жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру мақсатында құрылған «Балақайлар әлемі» ойын алаңының І кезеңі өз жұмысын сәтті аяқтады. Жоспарланған барлық іс-шаралар толық қамтылып, балалар әр күнді қызықты әрі пайдалы өткізді.

Ойын алаңының жұмысы барысында оқушылар танымдық, шығармашылық және спорттық шараларға белсенді қатысып, көтеріңкі көңіл-күймен үйлеріне тарасты.

Топ жетекшілері: Д.К. Мамбетниязова, З.Н. Кажит.