⚜️Бүгін мектебімізде қазақтың көрнекті композиторы, дирижер, музыка зерттеушісі Ахмет Жұбановтың 120 жылдығына орай арнайы көрме ұйымдастырылды.
🔹Көрме барысында оқушылар тұлғаның өмір жолымен, шығармашылық мұрасымен және қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесімен танысты. Сондай-ақ, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының негізін қалаушылардың бірі болған Ахмет Жұбановтың еңбектері кеңінен насихатталды.
🔹Оқушылар көрме арқылы ұлттық өнерге деген қызығушылықтарын арттырып, рухани құндылықтарды дәріптеудің маңызын түсінді.
🔹Көрмені ұйымдастырушы – мектеп кітапханасының меңгерушісі Г.А. Нұрғалиева.
KZ


