⚜️Бүгін мектебімізде, 28 наурыз күні, «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаламызда екі айлық тазалық науқаны бастау алды. Мектеп ұжымы болып, мектеп аумағын тазалау және ретке келтіру жұмыстарына белсене атсалыстық.
🔹Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны жақсарту, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру. Бұл бастама қоғамда тазалықты сақтау, табиғатты аялау және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау қағидаларын нығайтуға бағытталған.
🔹Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына баршаңызды белсенді қатысып, туған жерімізді көркейтуге өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!
KZ


