Skip to content

⚜️Бүгін, 29 сәуір күні, “Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат»…

⚜️Бүгін, 29 сәуір күні, “Таза Қазақстан» тұжырымдамасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберінде Республикалық ағаш егу челленджіне мектеп оқушылары мен “Жас сақшы” кадет класы қатысты.
Аталған шараның негізгі мақсаты — оқушыларды қоршаған ортаны қорғау ісіне тарту, олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру.

Экологиялық бастамаға Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы №2 ҚПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Н.А. Зинолдаев, ҚПБ ЮПТ аға учаскелік полиция инспекторы полиция майоры К.Ж.Махмудованың демеушілігімен мектебіміздің «Жас сақшы» кадет сыныбымен бірлесіп мектеп ауласына ағаш көшеттерін отырғызды.

Шара барысында оқушылар табиғатты қорғаудың маңыздылығын түсініп, қоршаған ортаға қамқорлықпен қарау қажеттігін іс жүзінде көрсетті. Аталған акция жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға және туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыруға өз үлесін қосты. Акцияға қатысып демеушілік жасаған №2 ҚПБ-на алғыс білдіреміз.