Skip to content

⚜️Бүгін, 11 сәуір күні мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында…

⚜️Бүгін, 11 сәуір күні мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаламызда өтіп жатқан екі айлық тазалық науқанына орай мектеп аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Барлық қатысушылар бұл игі іске белсенді атсалысты.

🔹 Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру.

🔹 Аталған бастама қоғамда тазалықты сақтау, табиғатты аялау және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

🔹 Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына баршаңызды белсенді қатысып, туған жерімізді бірге көркейтуге шақырамыз!

#ТазаҚазақстан2026
#ТазаҚазақстанАқтөбе2026