⚜️Бүгін, 06 сәуір күні мектебімізде «Ата-ана мен мектеп: бір мақсат, бір мүдде» тақырыбында ата-аналар апталығының ашылуы өтті. Мақсаты: ата-аналар мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, балалардың тәрбиесі мен оқуына бірлескен жауапкершілікті арттыру. Ата-аналар мен ұстаздарға апталықтың жоспары, мақсат, міндеттері таныстырылды. Жоспар аясында өтетін шаралар ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуын арттырады, бала тәрбиесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығын нығайтады. «Отбасылық өнер» көрмесі тақырыбында ата-аналар мен балалардың бірлескен жұмыстары көрмеге қойылды. Шара барысында ата-аналарға мерекелік көңіл-күй сыйлап, ата-аналармен қызықты ойындар өткізілді. Шара соңында ата-аналар өздерінің жылы лебіздерін білдірді.
⚜️Бүгін, 06 сәуір күні мектебімізде «Ата-ана мен мектеп: бір мақсат,…

KZ
