⚜️ Бүгін, 04 сәуір күні мектебімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қаламызда өтіп жатқан екі айлық тазалық науқанына орай Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Айтуғанұлының қатысуымен мектеп ұстаздары, ата-аналар және 10-сынып оқушылары бірігіп, мектеп аумағын тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Барлық қатысушылар бұл игі іске белсенді атсалысты.
🔹 Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаның тазалығын сақтау, тұрғындар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру, сондай-ақ азаматтардың экологиялық мәдениеті мен жауапкершілігін арттыру болып табылады. Бұл бастама қоғамда тазалықты сақтау, табиғатты аялау және қоғамдық мүлікке ұқыпты қарау қағидаларын нығайтуға бағытталған.
🔹 Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына баршаңызды белсенді қатысып, туған жерімізді бірге көркейтуге шақырамыз!
#ТазаҚазақстан2026
#ТазаҚазақстанАқтөбе2026
KZ

