Skip to content

Комиссия жұмысының мақсаты-мектеп асханасының жұмысында тұрақты бақылауды қамтамасыз ету….

Комиссия жұмысының мақсаты-мектеп асханасының жұмысында тұрақты бақылауды қамтамасыз ету. Тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссияның міндеттері мыналарды бақылау болып табылады:
 – ас блогында, асханада жұмысты ұйымдастыру; 
– тамақ өнімдерінің сапасы, оларды тасымалдау, жеткізу, түсіру, сақтау шарттары; 
– өнімдерді сату мерзімдері;
 – тағам дайындау сапасы; 
– тағамның балалардың негізгі тағамдық заттарға физиологиялық қажеттіліктеріне сәйкестігі; 
– ас блогы қызметкерлерінің жеке тазалық ережелерін сақтауы. 

🔹Тексеру барысында бұзушылықтар анықталған жоқ.Күнделікті мәзірдің құрамы бекітілген ыстық тамақ мәзіріне сәйкес келеді. Дайындалған өнім санитарлық нормаларға сәйкес келеді. Комиссия асхана қызметкерлерінің азық-түлік және энергетикалық құндылықтың санитарлық ережелерінің талаптарын сақтағанын анықтады.