⚜️”Болашақ мамандыққа алғашқы қадам” тақырыбында ALT Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінің ұйымдастыруымен “QADAM LIFE” жобасы аясында мектебіміздің 9-сынып оқушылары 2026 жылдың 28 сәуір күні “ҚТЖ ҰҚ” АҚ – Ақтөбе магистральдық желі филиалының музейіне танымдық экскурсия жасап қайтты. Экскурсия барысында оқушылар теміржол саласының тарихымен, оның даму кезеңдерімен және бүгінгі тыныс-тіршілігімен кеңінен танысты. Музей қызметкерлері теміржол көлігінің маңыздылығы, мамандық түрлері және осы салада жұмыс істеудің ерекшеліктері туралы қызықты мәліметтер берді.
Оқушылар көне жәдігерлерді тамашалап, түрлі техникалық құрал-жабдықтардың жұмыс істеу принциптерімен танысты. Сонымен қатар, теміржол саласында еңбек ететін мамандардың жауапкершілігі мен кәсіби шеберлігі жайлы түсінік алды. Бұл экскурсия оқушылардың болашақ мамандықты таңдауға деген қызығушылығын арттырып, өз қабілеттерін дұрыс бағытта дамытуға үлкен мотивация берді.
KZ

