Skip to content

⚜️Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан…

⚜️Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы негізінде мектебіміздің 4,9 класс оқушыларынан сынама тестілеу алынды.
ББЖМ-нің мақсаты — 4 және 9-сынып оқушыларының келесі бағыттар бойынша сауаттылық деңгейін объективті және тәуелсіз бағалауды қамтамасыз ету:
✅Оқу сауаттылығы,
✅Математикалық сауаттылық,
✅Жаратылыстану ғылыми сауаттылық.
ББЖМ оқу бағдарламаларының тиімділігін бағалауға, оқу процесінің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға және білім сапасын арттырудың жолдарын ұсынуға мүмкіндік береді.