Skip to content

📊 ББЖМ – білім сапасының айнасы! Мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім…

📊 ББЖМ – білім сапасының айнасы!

Мектебімізде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығы сәйкес 4 және 9-сынып білім алушылары арасында Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг (ББЖМ) аясында сынама тестілеу ұйымдастырылды.

🔹 Тестілеу электрондық форматта өткізілді
🔹 Бағыттары:
📖 Оқу сауаттылығы
➗ Математикалық сауаттылық
🔬 Жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

Бұл сынама тестілеудің негізгі мақсаты – білім алушылардың білім деңгейін анықтау, функционалдық сауаттылықтарын бағалау және алдағы негізгі мониторингке сапалы дайындық жүргізу.

📈 Нәтижелері бойынша:
– Әр оқушының біліміндегі олқылықтар анықталады
– Мұғалімдерге әдістемелік қолдау көрсету бағыттары нақтыланады
– Білім сапасын арттыруға арналған нақты шаралар жоспарланады

💡 ББЖМ – тек бақылау емес, бұл – даму мен жетілдірудің маңызды құралы!