Skip to content

Ташкентте Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Экономикалық ынтымақтастық…

Ташкентте Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 6-отырысына қатысты.

Жиында Әзербайжан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстан прокуратурасының басшылары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және орман қорын қорғау, сондай-ақ шығарындыларды азайту, заңсыз ағаш кесу мен браконьерлікке қарсы күрес мәселелерін талқылады.

Ерекше көңіл экожүйелерді қалпына келтіру мен сирек кездесетін жануарларды қорғау шараларына бөлінді.

Сонымен қатар, қатысушылар сот-құқықтық реформалар және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәжірибелерімен бөлісті.

Экологиялық тақырып аясында Қазақстан қадағалау органының басшысы экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – тұрақты дамудың кепілі екенін атап өтті. Қазақстан бұл мәселелерге стратегиялық